ЖАМАНҚҰЛОВТЫҢ ісі: Талғад Жәнібеков еңбекақы төлеу кезінде ақша жымқырған - тергеу

Тергеу нұсқасы бойынша, Талғад Жәнібеков "Феникс" фильмінің режиссері ретінде еңбекақы алып отырған, алайда, өз міндетін мүлде орындамаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сонымен бірге, түрлі қызмет үшін деп өзге тұлғаларға төленген қаржыны да иемденген. Бұл айыптар Медеу аудандық № 2 сотында өтіп жатқан басты сот отырысы кезінде айтылды. Тергеу мәліметі бойынша, Талғад Жәнібеков Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS ЖШС-мен 2014 жылдың 4 мамырында қоюшы режиссер қызметін атқаратыны туралы келісімшарт жасасқан. Сотқа дейінгі жүргізілген тергеу 2014 жылдың 5 мамыры мен 2015 жылдың 13 мамыры аралығында Жәнібеков 1 665 276 теңге алғанын анықтаған. Тергеу бұл қаржы заңсыз аударылғанын және Жәнібеков оны жеке мақсатына жұмсағанын айтады.

ЖАМАНҚҰЛОВТЫҢ ісі: Талғад Жәнібеков еңбекақы төлеу кезінде ақша жымқырған - тергеу