ӨЗЕКТІ. Аягөздегі жол-көлік оқиғасы

ШҚО, Аягөз аудандық, Ішкі істер басқармасы Қайрат Әбдіреевті жол оқиғасына айыпты деп санайды. Бұған көлік жүргізуші келіспейді. Себебі Бидайық ауылының тұрғыны ешқандай жол көлік оқиғасына қатыспағандығына кәміл сенімді. Тіпті жәбірленушінің өзі айыптыны танымайды.
Қайрат Әбдіреев, Бидайық ауылының тұрғыны:
- Полиция қызметкері жәбірленушіге сізді соғып кеткен машинадағы кісі осы ма деп сұрақ қойды. Жәбірленуші бұл кісі емес екендігін жеткізді. Содан кейін қызметкер маған «сіз жол-көлік оқиғасына қатысқансыз, бәрімізге жеңіл болатынындығы, сіз соғылған машинаның бүлінген тұсын түзеп беріңіз. Содан кейін бізге 5 АЕК (айлық есептік көрсетшкіш) төлейсіз, болды. Біз бұдан кейін істі сотқа апарып, өзіміз жаба саламыз»,- деді.


ӨЗЕКТІ. Аягөздегі жол-көлік оқиғасы

ӨЗЕКТІ. Тастандыларды тасада қалдырмаған

Тасбауыр қоғам тастандыларын өзекке тепкен шақ бұл. Статистикаға сүйенсек еліміз бойынша 2015 жылы 31725 жетім бала тіркелген. Алайда ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға сүйеніш һәм тіреніш болып, жетімін жылатпаған қазақ даналығын зердесіне түйген азаматтар да ұшырасады ішімізден.
Тұяқ Есқожина тастанды сәбилерге қамқорлық таныту үшін басындағы баспанасында сатып жіберген. Бүгінгі таңда жиырма төрт қызын ұзатып, он екі ұлын үйлендірген ұстаз-ана. Өмірдің қиыншылығына тап болған бүлдіршіндерді бауырына басып, сол мейірімінің арқасында ел ықыласына бөленіп отыр.

ӨЗЕКТІ. Тастандыларды тасада қалдырмаған

ӨЗЕКТІ. Семейдегі мүгедектік жәрдемақы мәселесі

Айжанның егіз ұлдарының бірі Мирас дүниеге келгенде бүйрегінен кінәрат табылды. Бұдан кейін бала бір жарым жасқа толғанда бірінші рет ота істелді. Екінші ота Астана қаласындағы «Ана мен бала ғылыми орталығында» жасалады.
Айжан Келгенбаева
Семей қаласының тұрғыны:
- «Ана мен бала» ғылыми орталығында жасалған отада баланың жарты бүйрегін алып тастайды. Содан кейін қайтадан Семейге қайттық. Семейде бала толық сауығып кете алмайды. Қайта-қайта ыстығы көтеріліп, жағдайы нашарлай бастайды.


ӨЗЕКТІ. Семейдегі мүгедектік жәрдемақы мәселесі