ӨЗЕКТІ. Жұмыссыздық

Ботагөз Әбішева арнайы тігін тігу курсынан өткен. Ботагөздің негізгі мамандығы металлург. «Қазақмыс Корпорациясында» жиырма төрт жылдық еңбек өтілі бар. Кейіпкер ата-ана алдындағы перзенттік парызын алдыңғы қатарға қояды.
Ботагөз Әбішева, тігінші:
- Осында анам екеуіміз тұрамыз. Шешем сексенді еңсерген қарт кісі. Астанада алғашында «Қазақмыс Корпорациясында» қызмет атқардым. Одан кейін корпорацияның мен жұмыс жасаған мекемесі Қарағанды қаласына көшіп кетті. Ал мен анамды тыстап кете алмадым. Осы кезде «Жұмыспен қамту» орталығына бардым. Олар мені қайта даярлау курсынан өткізіп, нәтижесінде Астана қаласындағы «Ютария» фабрикасына тігінші болып орналастым.