ӨЗЕКТІ. Петропавлдағы мүмкіндігі шектеулі жандардың жайы

Ақжан Кәрім туғанынан сал ауруына шалдыққан. Ол он бір жасында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған интернатқа қабылданған. Интернаттағы ұстазы Ақжанның өмірге деген көзқарасын толықтай өзгерткен.
Ақжан Кәрім, «Ардос – Жүрек» заңды тұлғалар бірлестігінің директоры:
- Ол айтатын ешқандай шектеу қойма. Шектеулердің барлығы ол сенің ойыңдағы ғана дүние. Әрине, төрт қабырғаға қамалып, үйде отыра беруге болады. Бірақ кез келген адамға тілдесу, әңгімелесу жетіспей жатады. Біздің мақсат ондай жандарды үйден шығарып, орта қалыптастыру.
Ақжан Кәрім мүмкіндігі шектеулі жандарға көрсетілетін қызметтің қаншалықты екендігін зерттеді. Оларға қоғамдық көлік қолжетімді ме? Ғимараттарға кіріп шығу мәселесі қарастырылған ба? Міне, мақсаты анық, рухы биік азамат көкейкесті сұрақтарға әрдайым жауап тауып отырған.