ӨЗЕКТІ. Өскемендегі пәтер дауы

Антонина Фадеева 11 жасынан бастап жетімдер үйінде тәрбиеленеді. Балалар үйін 2009 жылы бітіріп шыққан ол заңды түрде өзіне тиесілі пәтер бар екендігін біледі. Алайда туған шешесінен мұраға қалған пәтерде бір әйел тұрып жатады.

Антонина Фадеева, Өскемен қаласының тұрғыны:
- Пәтер тұрғыны маған сенің анаң бұл үйді 2008 жылы 99000 теңгеге сатып жібергендігін жеткізді. Ал менің анам болса 2006 жылы өмірден озған. Біздің бала күнімізде ол әйел үйге жиі келіп жүретін. Мен ол адамның түрін есімде сақтап қалғанмын.
Жетімдердің пәтерін меншіктеп алған әйел бетбақтырмайды. Әділдік іздеп шарқ ұрған Антонинаның барар жер, басар тауы қалмай дал болады.