ӨЗЕКТІ. "Мейірімді жүрекпен" қоғамдық қозғалысы

Көкшетауда "Мейірімді жүрекпен" қоғамдық қозғалысы ашылды. Қозғалыс тұрмысы төмен отбасыларға, жетім балаларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсетуге арналған. "Нұр Отан" партиясы мен "Қызыл ай" қоғамының өкілдері бұл жоба арқылы талай мұқтаж жан қажетті көмегін алатындығына сенімді. Олар, сондай-ақ, тұрғындарды қайырымдылық танып, белсенді болуға шақырады.

Ирина Зиновева, Көкшетау қаласының тұрғыны:
- Мен бұл жерге бірінші рет келіп тұрмын. «Мейірімді жүрек» акциясы туралы күтпеген жерден естіп қалдым. Менің бір қызым, үш ұлым бар. Осы жерден оларға бірнеше киім-кешек таңдап алдым. Мәз болатын болды. Жалпы осындай акцияның ұйымдастырылып жатқанына қуаныштымын. Әлемде қайырымды адамдар көп болсын.