ӨЗЕКТІ. Мамандыққа ие болу шарты

Мөлдір Данабекқызы үш ұл, үш қыз тәрбиелеп отырған көп балалы ана. Күміс алқа иегері қоғам ісіне белсене араласып, белгілі бір мамандықтың иесі атанғысы келеді.
Мөлдір Данабекқызы, Астана қаласының тұрғыны:
- Он жеті жасымда тұрмысқа шықтым. Білім жағына мән беретін уақыт болмады. Енді міне, өсіп келе жатқан балаларымды асырау керек. Ешқандай маман иесі болмаған соң жұмыс іздеуде қиынға соғады.

Көп балалы ана «Нұр Отан» партиясының нұсқауымен жұмыспен қамту орталығына барады. Орталық күміс алқа иесінің әлеуметтік жағдайына қарай отырып тегін оқытты.