ӨЗЕКТІ. Көкшетаудағы пандусқа зәру жігіт

Валерий Чернышов 1988 жылы өмірге келген . Бірінші топтағы мүгедек ұлын ауруынан құлан-таза айықтыру үшін шешесі еліміздегі емханалардың барлығына басын сұғып үлгерген.
Валерий Чернышов, Көкшетау қаласының тұрғыны:
- Мен туғанымнан сал ауруына шалдыққанмын. Маған көптеген ота жасалды. Тіптен Кеңес үкіметі кезінде Ташкентке емделуге бардым. Өкінішке орай нәтижесін көрмедім.

Тағдыр тауқыметін осылай тартқан Валерий ешқашан артқа шегініп көрген жоқ. Үй ішінде ғаламтор арқылы жұмыс жасап, нәпақасын тауып жүр. Азаматты мазалаған мәселе - есік алдына пандус жасау. Сал ауруына шалдыққан жан бүгінде отбасын құрған. Таяу уақытта балалы болып үлгерді. Оған біздің түсірілімдік топ куә.