ӨЗЕКТІ. Жатақханадан орын тапқан жалғызбасты ана

Кезекті кейіпкеріміз Айнұр Есламбекқызы. Ол үш баланың анасы. Жалғызбасты ана бұрын қызмет еткен жұмыс орынына тиесілі жатақханада тұрып жатыр.
Айнұр Болатова, Астана қаласының тұрғыны:
- Негізі жатақханада, не пәтер жалдап тұрдық. Мына жатақханада көп адам жұмысқа кетеді. Балалардың кейбіреулері балабақшаға бармайды. Оларды қараймын. Сол үшін төлейді. Оның үстіне пәтерлерді жинаймын. Өз шаруаларымды қызым сабақтан үйге келгенде бітіремін.

Үш балалы анаға жатақханадан бір орын табылады ма екен? Хабарға назар салыңыз.