ӨЗЕКТІ. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық

Руслан Ахметов үш қыз тәрбиелеп отырған жалғызбасты әке. Ол бел омыртқасы зақымдалып, арбаға таңылған жан. Руслан тұрғын үйдегі бесінші қабаттан төменге он бес минутта түссе, жоғары көтерілгенге 30 минут уақыт керек екен. Бірақ азаматты алаңдатын ол емес. Бас қайғы - есіктің кіре берісі.

Руслан Ахметов, Астана қаласының тұрғыны
- Біз де пандус жоқ. Бұл мәселе тек қана жалғыз мені емес кемпір-шалдарға да маңызды. Өйткені баспалдақтың сүйенер таянышы да жоқ. Осы келеңсіз жайттың алдын алса бір жасап қалар едік.