ӨЗЕКТІ. Астанадағы тұрғын үй кезегі

Надежда Делькованың жедел жәрдем қызметінде он төрт жылдық еңбек өтілі бар. Азаматшаның басында баспанасы жоқ. Мемлекеттік қызметкер ретінде үй кезегінде тұрғанына бірталай жыл өтті. Нәтиже шықпады. Бірақ өміршең үміті үзілмеді.

Надежда ДЕЛЬКОВА
Астана қаласының тұрғыны:
- Мен 2003 жылдың 5 желтоқсанына бастап мемлекеттік қызметкер ретінде үй кезегінде тұрдым. Бір кездері біздің жедел жәрдем қызметі мемлеккеттік қолдан жеке қолға өткен кезде бізді үй кезегінен алып тастайды ма деп қорықтық. Бірақ артына заң шығып, бізді кезекте қалдырды.