ӨЗЕКТІ. Семейдегі мүгедектік жәрдемақы мәселесі

Айжанның егіз ұлдарының бірі Мирас дүниеге келгенде бүйрегінен кінәрат табылды. Бұдан кейін бала бір жарым жасқа толғанда бірінші рет ота жасалды. Екінші ота Астана қаласындағы «Ана мен бала ғылыми орталығында» жасалады.
Келгенбаева Айжан
Семей қаласының тұрғыны:
- «Ана мен бала» ғылыми орталығында жасалған отада баланың жарты бүйрегін алып тастайды. Содан кейін қайтадан Семейге қайттық. Семейде бала толық сауығып кете алмайды. Қайта-қайта ыстығы көтеріліп, жағдайы нашарлай бастайды.

Семей қаласының дәрігерлері Мирасқа үшінші рет отаны жасаған. Осыдан кейін ғана жағдай жақсарады. Алайда Мирастың күнделікті өмірін қадағаламаса шаршаңқы күйге түсетіндігі анасына аян. Сонымен қатар алдағы уақытта тағы да бір ота жасау керек. Сондықтан Айжан Келгенбаева балаға мемлекет тарапынан тағайындалған мүгедектік жәрдемақының алынып тастағалғандығына келіспейді.