ӨЗЕКТІ. Аягөздегі жол-көлік оқиғасы

ШҚО, Аягөз аудандық, ішкі істер басқармасы Қайрат Әбдіреевті жол оқиғасына айыпты деп санайды. Бұған көлік жүргізуші келіспейді. Себебі Бидайық ауылының тұрғыны ешқандай жол көлік оқиғасына қатыспағандығына кәміл сенімді. Тіпті жәбірленушінің өзі айыптыны танымайды.
Қайрат Әбдіреев, Бидайық ауылының тұрғыны:
- Полиция қызметкері жәбірленушіге сізді соғып кеткен машинадағы кісі осы ма деп сұрақ қойды.Жәбірленуші бұл кісі емес екендігін жеткізді. Содан кейін қызметкер маған «сіз жол-көлік оқиғасына қатысқансыз, бәрімізге жеңіл болатынындығы. Сіз соғылған машинаның бүлінген тұсын түзеп беріңіз. Содан кейін бізге 5 АЕК (айлық есептік көрсетшкіш) төлейсіз, болды. Біз бұдан кейін істі сотқа апарып, өзіміз жаба саламыз»,- деді.
Мен болмаған нәрсені қалай мойындаймын. Мен де сотқа барамын. Мен ешқандай жол оқиғасына қатысқан жоқпын»- дедім.


Құқығы тапталып, белгісіз себептермен көлік жүргізу куәлігінен айырылған жан қандай әрекеттерге барғандығын, кімге жүгінгендігін осы хабардан көре аласыз.