ӨЗЕКТІ. Астанадағы тұрғын үй кезегі

Надежда Делькованың жедел жәрдем қызметінде он төрт жылдық еңбек өтілі бар. Азаматшаның басында баспанасы жоқ. Мемлекеттік қызметкер ретінде үй кезегінде тұрғанына бірталай жыл өтті. Нәтиже шықпады. Бірақ өміршең үміті үзілмеді.

ӨЗЕКТІ. Астанадағы тұрғын үй кезегі

ӨЗЕКТІ. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық

Руслан Ахметов үш қыз тәрбиелеп отырған жалғызбасты әке. Ол бел омыртқасы зақымдалып, арбаға таңылған жан. Руслан тұрғын үйдегі бесінші қабаттан төменге он бес минутта түссе, жоғары көтерілгенге 30 минут уақыт керек екен.Бірақ азаматты алаңдатын ол емес. Бас қайғы - есіктің кіре берісі.

ӨЗЕКТІ. Мүмкіндігі шектеулі жандарға қамқорлық

ӨЗЕКТІ. Жатақханадан орын тапқан жалғызбасты ана

Кезекті кейіпкеріміз Айнұр Есламбекқызы. Ол үш баланың анасы. Жалғызбасты ана бұрын қызмет еткен жұмыс орынына тиесілі жатақханада тұрып жатыр.
Айнұр Болатова, Астана қаласының тұрғыны:
- Негізі жатақханада, не пәтер жалдап тұрдық. Мына жатақханада көп адам жұмысқа кетеді. Балалардың кейбіреулері балабақшаға бармайды. Оларды қараймын. Сол үшін төлейді. Оның үстіне пәтерлерді жинаймын. Өз шаруаларымды қызым сабақтан үйге келгенде бітіремін.


ӨЗЕКТІ.  Жатақханадан  орын тапқан  жалғызбасты ана