Біз туралы

"AstanKINO" телестудиясы отандық ақпараттар аламанында 2014 жылдан бастап жемісті жұмыс жасауда. Республикалық телеарналардың тапсырысымен дайындалған өнімдері үнемі эфирге шығып келеді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құрылымдарының "Мемлекеттік сатып алуларын" орындауда да тәжірибесі жоғары. "AstanKINO" дайындаған деректі фильмдер, бағдарламалар, бейнебаяндар, бейнероликтер техниканың соңғы мүмкіндіктерін пайдалана отырып, қазіргі заманның сұранысына сай форматта ұсынылуда.

- 2015 жылы "Нұр Отан" партиясының тапсырысымен "Астана" телеарнасында қоғамдық саяси, әлеуметтік бағыттағы "Өзекті" бағдарламасын дайындады.
- 2016 жылдан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің тапсырысымен "Астана" телеарнасынан "Инвестиция және Даму" бағдарламасы эфирге шығуда.