Альберт Рау Парламент Мәжілісінің депутаты болды

Альберт Рау Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Альберт Рау Парламент Мәжілісінің депутаты болды

ЕРЛАН СЫДЫҚОВ МИНИСТР БОЛАДЫ ДЕГЕН БОЛЖАМ БАР

Міне, кеше бүкіл азаматтық қоғам Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің отставкаға кетуін талап етіп жатқанда, Ерлан Сыдықов Пезидентке кіріп шықты. Иә, ресми ақпарат көздерінде оның өткен жылға есеп беріп, қазіргі жұмыс барысы туралы айтқаны жазылуда. Дегенмен, Ақордаға жақын "кісілердің" айтуынша, Мемлекет басшысы бір Ерлан мен екінші Ерланның орындарын алмастыруы мүмкін.

ЕРЛАН СЫДЫҚОВ  МИНИСТР  БОЛАДЫ ДЕГЕН БОЛЖАМ БАР

ЖАМАНҚҰЛОВТЫҢ ісі: Талғад Жәнібеков еңбекақы төлеу кезінде ақша жымқырған - тергеу

Тергеу нұсқасы бойынша, Талғад Жәнібеков "Феникс" фильмінің режиссері ретінде еңбекақы алып отырған, алайда, өз міндетін мүлде орындамаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сонымен бірге, түрлі қызмет үшін деп өзге тұлғаларға төленген қаржыны да иемденген. Бұл айыптар Медеу аудандық № 2 сотында өтіп жатқан басты сот отырысы кезінде айтылды. Тергеу мәліметі бойынша, Талғад Жәнібеков Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS ЖШС-мен 2014 жылдың 4 мамырында қоюшы режиссер қызметін атқаратыны туралы келісімшарт жасасқан. Сотқа дейінгі жүргізілген тергеу 2014 жылдың 5 мамыры мен 2015 жылдың 13 мамыры аралығында Жәнібеков 1 665 276 теңге алғанын анықтаған. Тергеу бұл қаржы заңсыз аударылғанын және Жәнібеков оны жеке мақсатына жұмсағанын айтады.

ЖАМАНҚҰЛОВТЫҢ ісі: Талғад Жәнібеков еңбекақы төлеу кезінде ақша жымқырған - тергеу