Кеден қызметкерлері Қытайдан Қазақстанға киіз үй алып өтпек болғандардан ақша бопсалаған

Кеден қызметінің маманы Қытайдан Қазақстанға үш киіз үйді бажсыз алып өту үшін Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпкерден әр киіз үй үшін 35 мың теңге сұраған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жемқорлық туралы іс Өскемен қалалық гарнизонының сотында қаралды. Сот мәліметінше, ШҚО-дағы кәсіпкер Қытайдан Қазақстанға үш киіз үй алып келмек болған. Бірақ ол әрбір киіз үй үшін ірі көлемде баж төлегісі келмеген. Содан кәсіпкердің шекара қызметінде жұмыс істейтін танысы кеден қызметіндегі маманмен сөйлесіп, оның көмектесе алатынын айтқан. Кеден қызметкері әрбір киіз үй үшін 35 мың теңге сұраған. Кәсіпкер осы ұсынысқа келіскен, бірақ кейіннен бұл туралы құқық қорғау органдарындағыларға айтып берген. Нәтижесінде кеден қызметінің маманы ақша алып жатқан жерінен ұсталған. Енді екеуі де мемлекетке 6 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.

Кеден қызметкерлері  Қытайдан Қазақстанға киіз үй алып өтпек болғандардан ақша бопсалаған