Астанада Головкиннің 5 метрлік суреті салынды

Қазақстанның Street Workout федерациясы Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобс арасында күтіліп отырған жекпе-жекке қатысты 5 метрлік картинаны салды. Онда қазақстандық боксшының 3-раундтың 15-секундында америкалықты нокаутқа жіберген сәті бейнеленген, деп xабарлайды ҚазАқпарат.
Сурет Астанадағы спортзалдардың бірінің қабырғасына салынды. "Біздің федерация осындай ерекше әдіспен Головкинді Джейкобспен болатын кездесуі алдында қолдағысы келді. Біз оның жеңісіне сенеміз және Головкиннің өз салмағында ең үздік боксшы екендігіне күмәніміз жоқ. Бүгінгі күні бұл картина Геннадийдің Астанадағы ең үлкен суреті", - дейді федерация басшысы Дамир Мүмінов. Еске сала кетейік, Головкин мен Джейкобс арасындағы жұдырықтасу 18 наурызда Нью-Йоркте өтеді. Бірқатар БАҚ өкілдері Головкиннің келесі жекпе-жегі жазда Астанада WBO чемпионы Джо Сондерске қарсы өтеді деген ақпарат таратуда. Егер Головкин екі боксшыны да еңсеретін болса, орта салмақта абсолютті чемпион атанады.

Астанада Головкиннің 5 метрлік суреті салынды