Қанат Ислам қарсыласын бірінші раундта нокаутпен сұлатты

АҚШ-тың Делавэр штатындағы Уилмингтон қаласында өтіп жатқан бокс кешінде қазақстандық боксшы Қанат Ислам бразилиялық Робсон Ассисті бірінші раундта нокаутпен құлатты деп хабарлайды NUR.KZ.

Жоспар бойынша жекпе-жек 10 раундтан тұратын. Алайда, қабағының жарылғанына қарамастан Қанат Ислам бразилиялық боксшыны мықты соққысымен сұлатып тастады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев Қанаттың нокаутпен жеңіске жететінін айтқан болатын.

Cондай-ақ, осы бокс кешінде төрт салмақ дәрежесінде әлемнің бұрынғы чемпионы 48 жастағы Рой Джонс шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы 46 жастағы өз жерлесімен кездеседі. Олар бірінші ауыр салмақтағы WBF (World Boxing Foundation) белбеуіне таласатын болады.