ЖАМАНҚҰЛОВТЫҢ ісі: Талғад Жәнібеков еңбекақы төлеу кезінде ақша жымқырған - тергеу

Тергеу нұсқасы бойынша, Талғад Жәнібеков "Феникс" фильмінің режиссері ретінде еңбекақы алып отырған, алайда, өз міндетін мүлде орындамаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сонымен бірге, түрлі қызмет үшін деп өзге тұлғаларға төленген қаржыны да иемденген. Бұл айыптар Медеу аудандық № 2 сотында өтіп жатқан басты сот отырысы кезінде айтылды. Тергеу мәліметі бойынша, Талғад Жәнібеков Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS ЖШС-мен 2014 жылдың 4 мамырында қоюшы режиссер қызметін атқаратыны туралы келісімшарт жасасқан. Сотқа дейінгі жүргізілген тергеу 2014 жылдың 5 мамыры мен 2015 жылдың 13 мамыры аралығында Жәнібеков 1 665 276 теңге алғанын анықтаған. Тергеу бұл қаржы заңсыз аударылғанын және Жәнібеков оны жеке мақсатына жұмсағанын айтады.

ЖАМАНҚҰЛОВТЫҢ ісі: Талғад Жәнібеков еңбекақы төлеу кезінде ақша жымқырған - тергеу


Сонымен қатар, Жәнібековке халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловтың нұсқауы бойынша құжаттарды толтыру мен басып шығаруға, кеңсе тауарларын сатып алуға, әдеби сценариді ағылшын тіліне аударуға және Францияның Канны қаласына іссапары үшін бір миллион теңге аударылған. Бұл соммадан Жанібеков ЖШС кассасына 75 мың теңге қайтарған. Ары қарай, "Феникс" фильмінің атқарушы продюсері Наталья Юдина Жаманқұловтың айтқанын орындай отырып, Жәнібековке 60 мың теңге берген. Келесі 137 089 теңгені Жәнібеков "Феникс" фильмінің кеңесшісінің қызметін атқарғаны үшін алған. Тергеу режиссердің келісім шарттарын орындамаған деп есептейді. Тағы да 94 458 теңгені Жәнібеков "Феникс" жобасын Астанада қорғау мен келіссөздер жүргізу үшін деп алған. Тергеу бұл шығындар сметада қарастырылмағанын және мақсатты жұмсалмаған деген пікірде. Сонымен бірге, Юдина өзге тұлғалар арқылы қосымша төлемдер жасаған және TURAN UNIVERSAL BUSINESS ЖШС режиссердің жалдамалы пәтерінің ақысын төлеген.



Талғат Жәнібеков 2016 жылдың 28 желтоқсанында ұсталды. Ресжиссер мұны заңсыз деп тауып, аштық жариялады. Адвокаттың сөзінше, үш күннен кейін Жәнібеков туыстарының айтуымен аштықты тоқтатқан. Келесі күні ол екі айға қамалды. Адвокат Серік Айтбаев бұлтартпау шарасын кепілге босату түріне қол жеткізгісі келген. Алайда бұл шешім өзгермеді. Алдын ала тыңдау кезінде адвокат тағы да осы өтінішін айтты, дегенмен, судья шешімді өзгеріссіз қалдырды. Жәнібековпен бірге тоғыз адам айыпталды: халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов, "Феникс" фильмінің атқарушы продюссері Наталья Юдина, "Қазақфильм" АҚ-ның экономика және қаржы бойынша атқарушы директоры Гауһар Ысқақова, картина редакторы Ғизат Сұлтанов, жеке кәсіпкер Илья Коробейников, картинаның екінші режиссері Бижан Әбішев, түсіру тобының директоры Марлен Әбішев, ЖШС-ның өкілі Маратұлы Әбдіқадыров. Олар "Феникс" фильмін түсіруге бөлінген қаржыны жымқыру мен жымқыруға болысқан деп айыпталып отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәліметі бойынша, "Қазақфильм" АҚ фильмді дайындау алды және дайындау кезеңінде Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS ЖШС-на 79 миллион теңге аударған. Бұл сомманың 69 миллионын картинаның бас продюссері Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS ЖШС-ның құрылтайшысы Тұңғышбай Жаманқұлов жымқырған-мыс. Кейін Жаманқұлов кінәсін мойындады. 16 қарашада Жаманқұлов алты миллион теңгені қайтарды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшысы Қайрат Қожамжаровтың сөзінше, Жаманқұлов "Қазақфильм" алдындағы қарызын қайтарып беруге уәде берген.
{logi}
[rating] [rating-type-1]
{rating}
[/rating-type-1] [rating-type-2]
  • [rating-plus]Ұнайды[/rating-plus]
  • {rating}
[/rating-type-2] [rating-type-3]
  • [rating-minus]Ұнамайды[/rating-minus]
  • {rating}
  • [rating-plus]Ұнайды[/rating-plus]
[/rating-type-3] [/rating]
  • IanmazVab
  • 11 мамыр 2018 16:25
  • Гости

Народ кто желает играть в современные игры на высоких настройках с динамичными теняими
даже на самых слабых ПК или ноутах. Без лагов и фризов (Но нужен более менее нормальный интернет).
Читайте статья по настройке компа здесь.
Видео по установке и настройке смотрите тут.
Играю уже пол года на ведре 2005 г. Буду рад кому помог разорить буржуев игровой индустрии!!!

  • [spam]Спам[/spam]
{logi}
[rating] [rating-type-1]
{rating}
[/rating-type-1] [rating-type-2]
  • [rating-plus]Ұнайды[/rating-plus]
  • {rating}
[/rating-type-2] [rating-type-3]
  • [rating-minus]Ұнамайды[/rating-minus]
  • {rating}
  • [rating-plus]Ұнайды[/rating-plus]
[/rating-type-3] [/rating]

Люди кому интересно нашла отличный торрент плеер Kino-Torrent версия PRO
Все фильмы, сериалы и мультфильмы в одной программе - просмотр и скачивание. Бесплатно и без рекламы.
Быстрый поиск по всему рунету. Обновления фильмов точно в день выхода в кинотеатрах.
Сегодня добавленно: "Мег: Монстр глубины" "Днюха!" "Mamma Mia! 2"
Скачать Kino-Torrent версии стандарт можно с офф сайта: KinoTorrentSetup
Скачать Kino-Torrent версии PRO (Nulled) можно здесь: KinoTorrentPro

  • [spam]Спам[/spam]