ДИМАШ ДҮНИЕНІ ДҮР СІЛКІНДІРДІ

Қазақтың дауысы тағы да бір рет дүниені дүр сілкіндірді. Димаш Құдайберген әлемге танымал «Adagio» әнін Қытайдағы байқаудың алтыншы турында шебер орындағаны соншалық, көрермкен қауым амалсыздан көз жасқа ерік берді. Қазылар алқасы әншіге бірауыздан бірінші орынды лайық деп таныды. Бұл туралы NUR.KZ порталы қытайлық әлеуметтік желілерге сілтеме жасап хабарлайды.

ДИМАШ  ДҮНИЕНІ   ДҮР СІЛКІНДІРДІ

Астанада Головкиннің 5 метрлік суреті салынды

Қазақстанның Street Workout федерациясы Геннадий Головкин мен Дэниел Джейкобс арасында күтіліп отырған жекпе-жекке қатысты 5 метрлік картинаны салды. Онда қазақстандық боксшының 3-раундтың 15-секундында америкалықты нокаутқа жіберген сәті бейнеленген, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Астанада Головкиннің 5 метрлік суреті салынды


Кеден қызметкерлері Қытайдан Қазақстанға киіз үй алып өтпек болғандардан ақша бопсалаған

Кеден қызметінің маманы Қытайдан Қазақстанға үш киіз үйді бажсыз алып өту үшін Шығыс Қазақстан облысындағы кәсіпкерден әр киіз үй үшін 35 мың теңге сұраған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жемқорлық туралы іс Өскемен қалалық гарнизонының сотында қаралды. Сот мәліметінше, ШҚО-дағы кәсіпкер Қытайдан Қазақстанға үш киіз үй алып келмек болған. Бірақ ол әрбір киіз үй үшін ірі көлемде баж төлегісі келмеген.


Кеден қызметкерлері  Қытайдан Қазақстанға киіз үй алып өтпек болғандардан ақша бопсалаған