ӨЗЕКТІ. Көкшетаудағы келеңсіз жайт

Айнаш арбаға таңылған бүлдіршіннің қасынан бір қадам аттап шыға алмайды. Сәбиді алғашында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған мекемеге тапсырмақ болған. Бірақ ана жүрек ондай қадамға бара алмайды екен.
Айнаш Кажкенова, Көкшетау қаласының тұрғыны:
- Туғанда бәрі оңды болды. Енді талпынып жүретін кезінде ауырып қалды. Оянған соң осындай күйге түсті. Не сөйлей алмайды, не жүре алмайды. Бұндай дертке шалдыққанына 3 жылдан асты.

ӨЗЕКТІ. Көкшетаудағы келеңсіз жайт

ӨЗЕКТІ. Еңбектенемін деп еңбекке жарамсыз болған жастың қайғысы

Бақытжан Өнерхан, Ақмола облысы, Мәскеу ауылының тұрғыны:
- Алты-жеті жерден сынды деді. Он бес күндей реанимацияда жаттым. Қолым сынды, қос аяғым, арқам, үш қабырғам сынып кеткен.
Бақытжан Өнерхан 1992 жылы дүниеге келген. Азамат құрылыста қара жұмысшы болып жүріп еңбекке жарамсыз халге жеткен.
Тоқтал Өнерхан, Бақытжанның, әкесі:
- Жаздың бір-екі айында шаруа істейік деп, Қостанай облысындағы «Қуат строй» компаниясына жұмысқа орналастық. Біздің ауылдан біраз адамдар барған. Істің насырға шабатындығын кім болжаған?

ӨЗЕКТІ. Еңбектенемін деп еңбекке жарамсыз болған жастың қайғысы

ӨЗЕКТІ. "Мейірімді жүрекпен" қоғамдық қозғалысы

Көкшетауда "Мейірімді жүрекпен" қоғамдық қозғалысы ашылды. Қозғалыс тұрмысы төмен отбасыларға, жетім балаларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға және жалғызбасты зейнеткерлерге көмек көрсетуге арналған. "Нұр Отан" партиясы мен "Қызыл ай" қоғамының өкілдері бұл жоба арқылы талай мұқтаж жан қажетті көмегін алатындығына сенімді. Олар, сондай-ақ, тұрғындарды қайырымдылық танып, белсенді болуға шақырады.

ӨЗЕКТІ. "Мейірімді жүрекпен" қоғамдық қозғалысы