ЖАМАНҚҰЛОВТЫҢ ісі: Талғад Жәнібеков еңбекақы төлеу кезінде ақша жымқырған - тергеу

Тергеу нұсқасы бойынша, Талғад Жәнібеков "Феникс" фильмінің режиссері ретінде еңбекақы алып отырған, алайда, өз міндетін мүлде орындамаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сонымен бірге, түрлі қызмет үшін деп өзге тұлғаларға төленген қаржыны да иемденген. Бұл айыптар Медеу аудандық № 2 сотында өтіп жатқан басты сот отырысы кезінде айтылды. Тергеу мәліметі бойынша, Талғад Жәнібеков Т.К.TURAN UNIVERSAL BUSINESS ЖШС-мен 2014 жылдың 4 мамырында қоюшы режиссер қызметін атқаратыны туралы келісімшарт жасасқан. Сотқа дейінгі жүргізілген тергеу 2014 жылдың 5 мамыры мен 2015 жылдың 13 мамыры аралығында Жәнібеков 1 665 276 теңге алғанын анықтаған. Тергеу бұл қаржы заңсыз аударылғанын және Жәнібеков оны жеке мақсатына жұмсағанын айтады.

ЖАМАНҚҰЛОВТЫҢ ісі: Талғад Жәнібеков еңбекақы төлеу кезінде ақша жымқырған - тергеу

ШҚО-да 175 шақырым республикалық жол жөнделеді

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - 2017 жылы шамамен 175 шақырым республикалық жолдарға орта жөндеу жүргізіледі, деп мәлімдеді тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуінде Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов. Әкім есеп беру жиынында өңірдегі 2017 жылға арналған жол инфрақұрылымын дамыту жоспарына да тоқталды.

ШҚО-да 175 шақырым республикалық жол жөнделеді

ЭКСПО-2017 көрмесіне келетін туристердің 15 пайызы ғана шетелдіктер болмақ

Астанада ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушылардың үшінші жиналысы басталды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.Жиынға ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев, «Астана ЭКСПО» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы Ахметжан Есімов, Халықаралық көрмелер бюросының бас хатшысы Висенте Лоссерталес қатысып жатыр.

ЭКСПО-2017 көрмесіне келетін туристердің 15 пайызы ғана шетелдіктер болмақ