ӨЗЕКТІ. Жатақханадан орын тапқан жалғызбасты ана

Кезекті кейіпкеріміз Айнұр Есламбекқызы. Ол үш баланың анасы. Жалғызбасты ана бұрын қызмет еткен жұмыс орынына тиесілі жатақханада тұрып жатыр.
Айнұр Болатова, Астана қаласының тұрғыны:
- Негізі жатақханада, не пәтер жалдап тұрдық. Мына жатақханада көп адам жұмысқа кетеді. Балалардың кейбіреулері балабақшаға бармайды. Оларды қараймын. Сол үшін төлейді. Оның үстіне пәтерлерді жинаймын. Өз шаруаларымды қызым сабақтан үйге келгенде бітіремін.


ӨЗЕКТІ.  Жатақханадан  орын тапқан  жалғызбасты ана

ӨЗЕКТІ. Көкшетаудағы пандусқа зәру жігіт

Валерий Чернышов 1988 жылы өмірге келген . Бірінші топтағы мүгедек ұлын ауруынан құлан-таза айықтыру үшін шешесі еліміздегі емханалардың барлығына басын сұғып үлгерген.
Валерий Чернышов, Көкшетау қаласының тұрғыны:
- Мен туғанымнан сал ауруына шалдыққанмын. Маған көптеген ота жасалды. Тіптен Кеңес үкіметі кезінде Ташкентке емделуге бардым. Өкінішке орай нәтижесін көрмедім.


ӨЗЕКТІ. Көкшетаудағы пандусқа  зәру жігіт

ӨЗЕКТІ. Отырардағы үй мәселесі

Бақыт Байбалаевтың ұстаздық қырымен Шәуілдір ауылы ғана емес, Отырар ауданы да таныс. Ол білім ордасында жиырма бір жыл талмай еңбек етті. Әттегенайы, баспанасы мемлекет меншігіндегі жерде тұрды.

ӨЗЕКТІ. Отырардағы үй мәселесі